0 Items

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша кешенді тестілеу тапсырады;
Тест тапсырмаларының саны – 130.
ОДАТ (ТГО) – 30 сұрақ
Шет тілі – 50 сұрақ
Бейінді пән – 50 сұрақ
Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті 75 балл

Бейінді магистратураға түсуші тұлғалар: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдауы бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

Тест тапсырмаларының саны – 80.
ОДАТ (ТГО) – 30 сұрақ
Бейінді пән – 50 сұрақ
Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті 50 балл