«Физика (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ, 10 сынып
Бұл бетте 10 сынып «Физика (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 73 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.
Бөлімдер мен оқу мақсаттары
1 тоқсан
Кинематика
Қазіргі заманғы физиканың рөлі
- 10.1.1.1 қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікірін айту және өз пікірін дәлелдеу
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу. № 1 Зертханалық жұмыс "Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау"
- 10.1.1.2 жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу
- 10.1.1.3 тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау
- 10.1.1.4 физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары
- 10.1.1.5 жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару
- 10.1.1.6 сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Галилейдің салыстырмалылық принципі
- 10.1.1.7 инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату
- 10.1.1.8 жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану
Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы
- 10.1.1.9 қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.
- 10.1.1.10 көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
Динамика
Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары
- 10.1.2.1 бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
- 10.1.2.2 инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру
- 10.1.2.3 материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру
- 10.1.2.4 бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану
Абсолют қатты дененің инерция моменті
- 10.1.2.5 материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану
Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі
- 10.1.2.6 есептерді шешу кезінде айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін оның әртүрлі формаларында қолдану
- 10.1.2.7 айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу
Статика
Массалар центрі.
- 10.1.3.1 абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау
Тепе-теңдік түрлері.
- 10.1.3.2 әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату
№ 2 Зертханалық жұмыс "Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу"
- 10.1.3.3 күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау
Сақталу заңдары
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы.
- 10.1.4.1 сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану
Сұйықтар мен газдардың механикасы
Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары
- 10.1.5.1 сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау
Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш
- 10.1.5.2 үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану
Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағу
- 10.1.5.3 Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану
№ 3 Зертханалық жұмыс "Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу"
- 10.1.5.4 эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну
2 тоқсан
Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi
Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде
- 10.2.1.1 температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау
Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi
- 10.2.1.2 идеал газ моделін сипаттау
- 10.2.1.3 молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану
Газ заңдары
Идеал газ күйінің теңдеуі
- 10.2.2.1 идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану
Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. Дальтон заңы
- 10.2.2.2 тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы)
- 10.2.2.3 тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы)
- 10.2.2.4 тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы)
- 10.2.2.5 газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану
Термодинамика негiздерi
Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық
- 10.2.3.1 бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі
- 10.2.3.2 термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы. Айналмалы процесс және оның пайдалы әсер коэффициенті, Карно циклі
- 10.2.3.3 идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау
- 10.2.3.4 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану
Сұйық және қатты денелер
Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте. Заттың кризистiк күйi
- 10.2.4.1 гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар
- 10.2.4.2 сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау
Кристалл және аморф денелер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері
- 10.2.4.3 әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату
- 10.2.4.4 серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау
3 тоқсан
Электростатика
Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы
- 10.3.1.1 электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі
- 10.3.1.2 суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану
Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны.
- 10.3.1.3 зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның электр өрісінің кернеулігін анықтау
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы
- 10.3.1.4 нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу
Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс
- 10.3.1.5 электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану
- 10.3.1.6 гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру
Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер
- 10.3.1.7 диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау
Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау
- 10.3.1.8 конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу
- 10.3.1.9 конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда
Электр өрісінің энергиясы;
- 10.3.1.10 электр өрісінің энергиясын есептеу
Тұрақты ток
Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау
- 10.3.2.1 аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
№ 4 Зертханалық жұмыс "Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену"
- 10.3.2.2 өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу
Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі
- 10.3.2.3 элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу
Толық тізбек үшін Ом заңы;
- 10.3.2.4 толық тізбек үшін Ом заңын қолдану
№ 5 Зертханалық жұмыс "Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау" Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті
- 10.3.2.5 эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау
- 10.3.2.6 электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану
Әртүрлі ортадағы электр тогы
Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк
- 10.3.3.1 металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау
- 10.3.3.2 жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау
Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар
- 10.3.3.3 жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру
№ 6 Зертханалық жұмыс "Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы"
- 10.3.3.4 шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу
Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы
- 10.3.3.5 электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.
- 10.3.3.6 газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау
4 тоқсан
Магнит өрiсi
Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі
- 10.3.4.1 магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері мен есептер шығару арқылы түсіндіру
Ампер күші, сол қолы ережесі;
- 10.3.4.2 электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы
- 10.3.4.3 токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру
- 10.3.4.4 зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу
Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры
- 10.3.4.5 заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау
- 10.3.4.6 магниттік материалдарды (неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау
Электромагниттiк индукция
Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы
- 10.3.5.1 электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу
Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік
- 10.3.5.2 электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану
Магнит өрісінің энергиясы
- 10.3.5.3 механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу
Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы
- 10.3.5.4 қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру
—
Физикалық практикум
Бағасы
Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.
5 жоспар
1 500 ₸
300 ₸ жоспарына
20 жоспар
3 900 ₸
195 ₸ жоспарына
50 жоспар
7 900 ₸
158 ₸ жоспарына
Жиі қойылатын сұрақтар
10 сынып «Физика (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?
Генераторды ашып, 10 сынып пен «Физика (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.
Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?
Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.
Жоспар қай тілде жасалады?
Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.
Осы пән басқа сыныптарда
Осы сыныптың басқа пәндері
Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.
