NQT test.online

«Биология» пәні бойынша ҚМЖ, 10 сынып

Бұл бетте 10 сынып «Биология» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 52 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.

Бөлімдер мен оқу мақсаттары

1 тоқсан

Молекулалық биология және биохимия

Жердегі тіршілік үшін судың маңызы

  • 10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері

  • 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері

  • 10.4.1.3 майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдай-лардың әсері (температура, pH)"

  • 10.4.1.4 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
  • 10.4.1.5 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. №2 зертханалық жұмыс "Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау".

  • 10.4.1.6 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылысы мен құрылымы (бірінші және екінші реттік). Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі

  • 10.4.1.7 дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату

Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы

  • 10.4.1.8 рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату

Жасушалық биология

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері

  • 10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоид-терінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс.

  • 10.4.2.2 жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты түсіндіру

Қоректену

Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар.

  • 10.1.2.1 әр түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсерін түсіндіру (температура, pH, субстрат концентрациясы, ингибитор)

2 тоқсан

Заттардың тасымалдануы

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы

  • 10.1.3.1 эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру

Пассивті тасымалдау механизмі

  • 10.1.3.2 пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Тыныс алу

Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметі

  • 10.1.4.1 аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері

  • 10.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы аденозинүшфосфаттың синтезін салыстыру

Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері

  • 10.1.4.3 метоболизмнің түрлерін атау
  • 10.1.4.4 энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Кребс циклі және оның биологиялық маңызы

  • 10.1.4.5 митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
  • 10.1.4.6 Кребс циклін сипаттау

Бөліп шығару

Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі.

  • 10.1.5.1 зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру

Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция

  • 10.1.5.2 су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның рөлін түсіндіру

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы.

  • 10.1.5.3 диализ механизмін түсіндіру

3 тоқсан

Жасушалық цикл

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер.

  • 10.2.2.1 митоз фазаларын сипаттау

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез

  • 10.2.2.2 өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

  • 10.2.2.3 жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.

  • 10.2.2.4 қартаю үдерісін түсіндіру

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық Тары

Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. №3 зертханалық жұмыс "Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу".

  • 10.2.4.1 модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Көптік аллельділік. Есептер шығару

  • 10.2.4.2 дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес-кен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы

  • 10.2.4.3 кроссинговер нәтиже-сінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру

Аллельді және аллельді емес ген-дердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия

  • 10.2.4.4 аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Хуго де Фриздің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Модельдеу "Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу"

  • 10.2.4.5 Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу

Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.

  • 10.2.4.6 хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын сипаттау

Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар

  • 10.2.6.1 тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  • 10.2.6.2 эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау

Эволюцияның дәлелдемелері.

  • 10.2.6.3 эволюцияның дәлелдемелерін талдау

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

  • 10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік "Соңғы әмбебап жалпы ата тек". Модельдеу "Кладограмма құру". Филогенетикалық картаның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың айырмашылығы. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы.

  • 10.1.1.2 филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және (интерпретациялау) түсіндіріп беру
  • 10.1.1.3 әр алуан филогенетикалық карталар-дың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру

Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация

  • 10.2.6.4 түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу

Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез

  • 10.2.5.1 селекцияәдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Антропогенез кезеңдері.

  • 10.2.6.5 антропогенездің кезеңдерін атау

4 тоқсан

Координация және реттеу

Жүйке жасушаларының құрылысы. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Нейронның аксон бойымен қозудың берілуі

  • 10.1.7.1 миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттау және түсіндіру

Рефрактерлық кезең мен оның маңызы. Миелинденген және миелинденбеген нейрондарды салыстыру

  • 10.1.7.2 рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіру

Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы

  • 10.1.7.3 механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) сипаттау

Қозғалыс

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы

  • 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымын түсіндіру

Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлер

  • 10.1.6.2 жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастыру

Биомедицина және биоинфор матика

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика (протездеу). Эргометриялық биомеханика(оптимизация). Модельдеу "Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу"

  • 10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолданылуын зерттеу

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу " Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу"

  • 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Биотехнология

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері

  • 10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина, криминалистикадағы маңызы

  • 10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау

Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы

  • 10.4.3.3 гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

  • 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

Бағасы

Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.

  • 5 жоспар

    1 500 ₸

    300 ₸ жоспарына

  • 20 жоспар

    3 900 ₸

    195 ₸ жоспарына

  • 50 жоспар

    7 900 ₸

    158 ₸ жоспарына

Жиі қойылатын сұрақтар

10 сынып «Биология» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?

Генераторды ашып, 10 сынып пен «Биология» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.

Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?

Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.

Жоспар қай тілде жасалады?

Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.

Осы пән басқа сыныптарда

Осы сыныптың басқа пәндері

Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.