NQT test.online

ПББ: Биология/География

«Биология/География» пәні бойынша 2026 жылғы сынама ПББ (бұрынғы НКТ) тесті — ҰТО форматында, қателерді талдаумен

2026 ПББ сынама тесті

Биология/География

Тестілеу тілі

Тест параметрлері (ҰТО)A: 26% · B: 60% · C: 14%

Биология + География

Тапсырмалар
50 (1 жауапты 40, контекстік 10)
Уақыт (ҰТО нормасы)
80 минут
«Педагог» шегі
50-ден 25 (50%)
ҰТО спецификациялары
2 пән (30 тақырып)

Тарифтер мен бағалар

Педагогтерді аттестаттау: ПББ сынама тестілері

Мектеп мұғалімдеріне арналған ПББ

  • Бір пән: мерзім біткенше қайта тапсыруға болады
  • Барлық 54 пән мен педагогикалық бағыт
  • Әр сынақтан кейін қателермен жұмыс және талдау

ПББ 54 пән каталогы

Мерзімі

3 500 ₸

30 күн · ≈ 117 ₸ күніне

Байланыс қорғалған · Kaspi арқылы төлемKaspi QR

Қалай төлеу керек — Kaspi арқылы төлеу нұсқаулығы. Төлемнен кейін қолжетімділік осы бетте бірден ашылады.

«Биология/География» пәні бойынша ПББ-ге қалай дайындалу керек

Бұл бет биология мен географияны қатар жүргізетін немесе екеуінің бірін таңдап жүрген мұғалімдерге арналған. ПББ-да (бұрынғы НКТ) бұл екі бөлек тест, әрқайсысының өз ҰТО спецификациясы бар, ал өтінішке бір ғана пән жазылады. Пішімі бірдей: 80 минутта 50 тапсырма, оның 40-ы бір жауапты, 10-ы контекстік, «педагог» санаты үшін шекті балл 50-ден 25.

Кім тапсырады

  • Мектепке алғаш жұмысқа орналасып, «педагог» санатына ПББ тапсыратын биология-география мамандығының түлектері
  • Сабақ жүктемесінде биология да, география да бар, қай пән бойынша тест тапсыруды шешіп жүрген мұғалімдер
  • Үзілістен кейін мектепке оралып, ҰТО-ның ай сайынғы кезеңдерінде ПББ тапсыратын педагогтер
  • Келесі аттестацияға дейін білімін алдын ала тексеріп алғысы келетін мұғалімдер

Жиі кездесетін қателер

  • Екі пәнге бірдей дайындалу, ал тест күні тек біреуі ғана болады.
  • Биологияны бір сыныптың оқулығымен қайталау, ал спецификация заттардың тасымалдануын да, эволюцияны да, биотехнологияны да қамтиды.
  • Географияда картаны есте сақтағанмен шектеліп, белдеулік уақытты, азимутты, масштабты есептеуді жаттықтырмау.
  • Бір генетикалық есепке тым көп уақыт жұмсап, соңындағы контекстік тапсырмаларға үлгермеу.
  • Сұрақ қай контекстке қатысты екенін қарамай, кестедегі деректің орнына жалпы біліммен жауап беру.

Неге көңіл бөлу керек

Биология: молекулалық биология, тұқымқуалау мен өзгергіштік
Ақуыздар, ДНҚ құрылысы, белгілердің тұқымқуалауындағы гендердің рөлі, хромосомалардың ұйымдасуы. Мұғалімдердің айтуынша, 80 минут көбіне дәл осы генетика мен молекулалық биология есептеріне жетпей қалады.
Биология: жасушалық биология және жасушалық цикл
Прокариот пен эукариот жасушалары, органоидтар, митоз фазалары, гаметогенез. Сұрақтар суреттер мен сызбаларға сүйенеді, сондықтан органоидты атауынан ғана емес, бейнесінен де тани білу керек.
География: карталар және географиялық деректер базасы
Спецификацияда карталарға, номенклатураға және деректерді ұйымдастыруға жеке бөлім берілген. Контекстік тапсырмаларда бір карта не климатограмма бірден бес сұраққа негіз болады.
География: экономикалық география, геоэкономика, геосаясат
Ресурстар, инфрақұрылым, дүниежүзілік шаруашылықтың салалары мен құрылымы, елтану. Номенклатура мен статистикалық кестелер көп, бұл бөлімді мәтінмен емес, картамен қатар оқыған жөн.

Дайындық жоспары

  1. app.testcenter.kz сайтында қай пәнге тіркелетініңізді алдын ала шешіңіз: биология мен географияның спецификациясы әртүрлі.
  2. Әр пән бойынша тегін демо-нұсқаны тапсырып, нәтижелерді салыстырыңыз. Қай пәнде қорыңыз көбірек екені бірден көрінеді.
  3. Таңдаған пәннің спецификациясын ашып, демода қате көп кеткен бөлімдерді белгілеп алыңыз.
  4. Контекстік тапсырмаларға бөлек жаттығыңыз: әр нұсқада бес сұрақтан тұратын екі контекст болады.
  5. Толық нұсқаларды 80 минуттық таймермен шығарып, генетикаға не карта бойынша есептеуге қанша уақыт кететінін бақылаңыз.
  6. Әр нұсқадан кейін қателерді талдау бөлімін қарап, спецификация бойынша тренажерде әлсіз бөлімдерге қайта оралыңыз.

Сұрақтар мен жауаптар

Биология мен географияны ПББ-да бір тестпен тапсыруға бола ма?

Жоқ, ҰТО-да бұлар екі бөлек спецификация. Өтініш бергенде бір пәнді таңдайсыз, тест тек сол пән бойынша өтеді.

Биология мен география бойынша ПББ-да неше тапсырма, қанша уақыт беріледі?

Екі пәнде де 50 тапсырма: төрт нұсқаның ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын 40 сұрақ және 10 контекстік тапсырма. Уақыты 80 минут.

Шекті балл қанша?

«Педагог» санаты үшін 50-ден 25 балл, яғни 50%. Жоғары санаттарда талап өседі: модераторға 30 балл, шеберге 45 балл.

Тестті қазақша немесе орысша тапсыруға бола ма?

Иә, екі пән де қазақ және орыс тілдерінде тапсырылады. Тілді app.testcenter.kz сайтында тіркелу кезінде таңдайсыз.

Биология мен география тесттері жауаптарымен бар ма?

Сайтта спецификация бойынша жасалған жаттығу нұсқалары бар, әр жауаптың талдауы көрсетіледі. Нақты емтихан сұрақтарын жарияламаймыз.

Тексерілді: 2026-11-20

Бағыт пәндері бойынша 2026 ПББ спецификациялары (Биология · География)

Төменде бағыттың әрбір пәні бойынша толық спецификациялар кезекпен берілген. Пәндердің жеке беттері: Биология, География.

Биология

«Биология» бойынша Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

Тапсырмалар
50 (бір дұрыс жауаппен 40, 10 мәнмәтіндік — 2 мәнмәтін бойынша)
Тестілеу уақыты
80 минут
«Педагог» шекті деңгейі
50-ден 25 (50%)
Қиындық деңгейлері
A — 26%, B — 60%, C — 14%
  1. 01.Жасушалық биология
    • Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, Гольджи аппараты, вакуоль. Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері
    • Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке
  2. 02.Молекулалық биология
    • Липидтердің құрылымдық компонентері. Майлардың құрамы мен қызметтері Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылысы. Дезоксирибонуклеин қышқылы құрылымы (бірінші және екінші реттік). Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі. Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы
  3. 03.Тірі ағзаларды жүйелеу. Биосфера, экожүйе, популяция
    • Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы
    • Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Экологиялық сукцессиялар: бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы. Экожүйелердің компоненттері. Су және құрлық экожүйелері. Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері
  4. 04.Заттардың тасымалдануы
    • Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі. Активті және пассивті тасымалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Жасуша мембранасы арқылы тасымалдану. Белсенді тасымалдану кезіндегі энергияның жұмсалуы Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі
  5. 05.Қоректену
    • Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ-фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы
    • Жауын құртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы
  6. 06.Тыныс алу
    • Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері. Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы. Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Тыныс алудың минуттық көлемі. Әр түрлі жастағы, физикалық дамыған, ер және әйел адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы
    • Аденозинүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметі Метаболизм түрлері
  7. 07.Бөліп шығару
    • Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
    • Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері). Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту
  8. 08.Координация және реттелу
    • Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді. Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері. Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары. Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Биологиядағы басқару жүйесі
  9. 09.Тұқымқуалау мен өзгергіштік
    • Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс
  10. 10.Микробиология Биотехнология
    • Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері; вирустардың құрылыс ерекшеліктері
    • Биотехнологиялық үдерісі және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі
  11. 11.Эволюциялық даму
    • Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері. Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутациялық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). «Түр» ұғымының анықтамасы. Түрдің құрылымы. Түр критерийлері. «Түр түзілу» ұғымы. Түр түзілудің тәсілдері мен механизмдері Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс
  12. 12.Жасушалық цикл және көбею
    • Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары
  13. 13.Қозғалыс
    • Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы
    • Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б).

География

«География» бойынша Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

Тапсырмалар
50 (бір дұрыс жауаппен 40, 10 мәнмәтіндік — 2 мәнмәтін бойынша)
Тестілеу уақыты
80 минут
«Педагог» шекті деңгейі
50-ден 25 (50%)
Қиындық деңгейлері
A — 26%, B — 60%, C — 14%
  1. 01.Географиялық зерттеу әдістері
    • Географиялық зерттеу объектілері. География ғылымының дамуы. Географиялық деректер көздері. Географиялық тәжірибелер. Географияда графикалық әдістердің қолданылуы. Жалпы географиялық әдістер. Өзекті географиялық зерттеу әдістері
  2. 02.Географиялық карталар. Географиялық деректер базасы
  3. 04.Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері.
  4. 03.Физикалық география
    • Литосфера. Литосфераның тектоникалық қозғалыстары. Литосфералық катаклизмдер
    • ---
  5. 06.Атмосфера. Атмосфера және оның құрамдас бөліктері.
  6. 04.Әлеуметтік география
  7. 09.Халық географиясы
    • Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтау; елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демографиялық көрсеткіштерін есептеу: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам; дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктеу; Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтау; қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштері мен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді
  8. 05.Экономикалық география
    • Әлеуметтік-экономикалық ресурстар.
  9. 11.Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері.
  10. 12.Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері.
  11. 06.Картография және геоинформатика
    • Картография.
  12. 07.Табиғатты пайдалану және
    • Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау; табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау
  13. 15.Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
    • Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын және бағыттарын графикалық түрде ұсыну; геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру; дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру; табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру; табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну; ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру; геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау; Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру
  14. 08.Геоэкономика
    • Геоэкономика негіздері
  15. 09.Геосаясат
    • Геосаясат негіздері: Геосаясаттың өзектілігі
  16. 10.Елтану
    • Дүниежүзі елдері
  17. 11.Адамзаттың ғаламдық проблемалары
    • Ғаламдық проблемаларды шешу