NQT test.online

«Құқық негіздері» пәні бойынша ҚМЖ, 9 сынып

Бұл бетте 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 32 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.

Бөлімдер мен оқу мақсаттары

1 тоқсан

Құқық түсінігі

Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?

  • 9.1.1.1 әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен рөлін түсіндіру

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар?

  • 9.2.1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау

Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды?

  • 9.2.1.1 конституциялық құрылыс негіздерін түсіндіру

Азаматтық құқық түсінігі

Азаматтық құқық қоғамдық қатынастарды қалай реттейді

  • 9.3.1.1 азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсіндіру

Еңбек құқығы түсінігі

ҚР Конституциясының 24-ші бабы нені көздейді?

  • 9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымын түсіндіру

Неке және отбасы құқығы түсінігі

Заңнамада отбасы қалай қорғалған?

  • 9.5.1.1 неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру

Әкімшілік құқық түсінігі

Әкімшілік құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?

  • 9.6.1.1 әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру

Қылмыстық құқық түсінігі

Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде?

  • 9.7.1.1 қылмыстық құқық ұғымын түсіндіру

2 тоқсан

Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы

Мемлекеттік органдардың қызметі қандай?

  • 9.2.2.1 Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай?

  • 9.2.2.2 мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлін анықтау

Меншік құқығы

Қалай меншік иесі бола аламыз?

  • 9.3.2.1 меншік түрлерін анықтау
  • 9.3.2.2 меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау

Еңбек жағдайлары

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

  • 9.4.2.1 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтау
  • 9.4.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді

Некені қию және тоқтату жолдары

Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?

  • 9.5.2.1 некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау

Қылмыс ұғымы

Қандай әрекет қылмыс деп танылады?

  • 9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату

3 тоқсан

Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады?

  • 9.3.3.1 азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау

Еңбекті қорғау

Еңбек даулары қалай шешіледі?

  • 9.4.3.2 құқықтық нормативтік актілерге сүйеніп еңбек дауларын шешу жолдарын ұсыну

Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңнамамен қалай қорғалады?

  • 9.4.3.1 кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқықтық нормаларды талдау

Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері

Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай?

  • 9.5.3.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

Бала құқығы қалай қорғалады?

  • 9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау

Әкімшілік жауапкершілік

Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?

  • 9.6.2.1 әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау
  • 9.6.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру

Қылмыстық жауапкершілік

Қылмыстық жауапкершіліктің мәні неде?

  • 9.7.3.1 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауаптылықты және жаза түрлерін анықтау

Кімдер сыбайлас жемқорлықтың субъектілері болып табылады

  • 9.7.3.2 сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған құқықтық актілерді талдау

4 тоқсан

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекеттің басты идеялары неде?

  • 9.1.2.1 құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау

Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?

  • 9.1.2.2 азаматтық қоғам институттарының рөлі мен маңызын анықтау

Тұтынушылар құқығын қорғау

Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?

  • 9.3.4.1 тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын ұсыну

Еңбек шарты

Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?

  • 9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу

Отбасының қоғамдағы маңыздылығы

Отбасының әлеуметтік мәні неде?

  • 9.5.4.1 отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау

Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу

Әкімшілік құқықтық нормалардың қажеттілігі мен маңызы неде?

  • 9.6.3.1 әкімшілік құқықтық нормалардың маңызына баға беру

Жазалау мен гуманизм мәселесі

Қылмыстық құқықта гуманизм қағидасы қажет пе?

  • 9.7.4.1 қылмыстық құқықтағы гуманизм қағидасына баға беру

Бағасы

Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.

  • 5 жоспар

    1 500 ₸

    300 ₸ жоспарына

  • 20 жоспар

    3 900 ₸

    195 ₸ жоспарына

  • 50 жоспар

    7 900 ₸

    158 ₸ жоспарына

Жиі қойылатын сұрақтар

9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?

Генераторды ашып, 9 сынып пен «Құқық негіздері» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.

Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?

Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.

Жоспар қай тілде жасалады?

Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.

Осы пән басқа сыныптарда

Осы сыныптың басқа пәндері

Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.