«Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ, 8 сынып
Бұл бетте 8 сынып «Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 73 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.
Бөлімдер мен оқу мақсаттары
1 тоқсан
8.1 Атомдағы электрондардың қозғалысы
Атомда электрондардың таралуы
- 8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
Энергетикалық деңгейлер. № 1 зертханалық тәжірибе "Атомдар модельдерін жасау"
- 8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
- 8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу
- 8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды –графикалық формулаларын жаза білу
Иондардың түзілуі
- 8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
Қосылыстар формуласын құрастыру
- 8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
8.1 Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
- 8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы. № 1 көрсетілім "Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе"; № 2 зертханалық тәжірибе "Әрекеттесуші заттардың қатынасы"
- 8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау
- 8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру
- 8.2.3.4 аттар массасының сақталу заңын білу
Химиялық реакция типтері
- 8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
- 8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау
8.1 Металдар белсенділігін салыстыру
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. № 2 көрсетілім "Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі"
- 8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу
- 8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
- 8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. № 3 зертханалық тәжірибе "Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі"
- 8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
- 8.2.4.5 металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары. № 3 көрсетілім "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру"
- 8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
Металдардың белсенділік қатары. № 1 практикалық жұмыс "Металдардың белсенділігін салыстыру"
- 8.2.4.7 эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру
- 8.2.4.8 металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
2 тоқсан
8.2 Зат мөлшері
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы
- 8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді және Авогадро санын білу
- 8.1.1.2 формула бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын есептей алу
Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс
- 8.1.1.3 масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу
8.2 Стехиометриялық есептеулер
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
- 8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу
Авагадро заңы. Молярлық көлем
- 8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Көлемдік қатынас заңы
- 8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
- 8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
8.2 Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Отынның жануы және энергияның бөлінуі
- 8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксидтер екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
- 8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. № 4 зертханалық тәжірибе "Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар"
- 8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
- 8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну
Термохимиялық реакциялар
- 8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
8.2 Сутек. Оттек және озон
Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. № 2 практикалық жұмыс "Сутекті алу және оның қасиеттерін тану"
- 8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолдануын зерттеу
Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. № 4 көрсетілім "Сутек пероксидінің ыдырауы"; № 3 практикалық жұмыс "Оттекті алу және оның қасиеттерін тану"
- 8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу
- 8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
Оттек және озон
- 8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- 8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
3 тоқсан
8.3 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
- 8.2.1.1 топ , период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі
- 8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну
- 8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
- 8.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы
- 8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау
Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері
- 8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу
- 8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру
Металдар және бейметалдар
8.3 Химиялық байланыс түрлері
Электртерістілік. Ковалентті байланыс
- 8.1.4.1 электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
Иондық байланыс
- 8.1.4.2 иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
- 8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
8.3 Ерітінділер және ерігіштік
Заттардың суда еруі. № 5 зертханалық тәжірибе "Заттардың ерігіштігін зерттеу"
- 8.3.4.1 заттарды олардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу
- 8.3.4.2 заттар ерітінділерінің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру
Заттардың ерігіштігі. № 4 практикалық жұмыс "Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері"
- 8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температура әсерін түсіндіру
- 8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру
Еріген заттың массалық үлесі
- 8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. № 5 практикалық жұмыс "Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау"
- 8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
4 тоқсан
8.4 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Оксидтер. № 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің қасиеттерін зерттеу"
- 8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Қышқылдар. № 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу"
- 8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Негіздер. № 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу"
- 8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Тұздар. № 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы"
- 8.3.4.10 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.11 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
- 8.3.4.12 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
8.4 Көміртек және оның қосылыстары
Көміртектің жалпы сипаттамасы
- 8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру
- 8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
- 8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру
- 8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
Көміртектің қасиеттері. № 6 практикалық жұмыс "Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері". Көміртектің оксидтері. № 7 практикалық жұмыс "Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу"
- 8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
- 8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру
- 8.4.3.7 көмір-қышқыл газын алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу
- 8.4.3.8 өміртегінің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
8.4 Су
Табиғаттағы су
- 8.4.2.6 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
- 8.4.2.7 табиғаттағы су айналымын түсіндіру
Судың ластану себептері. Судың кермектігі. № 10 зертханалық тәжірибе "Судың кермектігін анықтау"
- 8.4.2.8 судың ластану қауіптілігін және салдарын анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру
- 8.4.2.9 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру
- 8.4.2.10 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу
- 8.4.2.11 табиғаттағы және тірі ағзалар қызметі мен адамның тіршілігіндегі жүретін химиялық реакцияларды сипаттау
Бағасы
Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.
5 жоспар
1 500 ₸
300 ₸ жоспарына
20 жоспар
3 900 ₸
195 ₸ жоспарына
50 жоспар
7 900 ₸
158 ₸ жоспарына
Жиі қойылатын сұрақтар
8 сынып «Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?
Генераторды ашып, 8 сынып пен «Химия (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.
Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?
Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.
Жоспар қай тілде жасалады?
Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.
Осы пән басқа сыныптарда
Осы сыныптың басқа пәндері
Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.
