«География (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ, 7 сынып
Бұл бетте 7 сынып «География (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 42 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.
Бөлімдер мен оқу мақсаттары
1 тоқсан
1.Географиялық зерттеу әдістері
Географиялық зерттеу объектілері, география ғылымының дамуы
- 7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды
- 7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді
Географиялық дерек көздері
- 7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар
Зерттеудің далалық әдістері
- 7.1.1.4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды
- 7.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график
2. Картография және географиялық деректер базасы
2.1 Географиялық карта-сызбаларды қолдану
- 7.2.1.1 тақырып бойынша картосызбалар жасайды
Географиялық номенклатура, географиялық деректерді ұйымдастыру
- 7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
- 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
3. Физикалық география 3.1 Литосфера
Жердің тектоникалық құрылымы, литосфераның тектоникалық қозғалысы
- 7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды
- 7.3.1.2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды
- 7.3.1.3 жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг
—
Литосфералық катаклизмалар
- 7.3.1.4 жергілікті компонент бойынша литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді; литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді
2 тоқсан
3. Физикалық география 3.2 Атмосфера
Атмосфера және оның құрамы
- 7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды
- 7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді
Ауа-райы және метеорологиялық элементтер
- 7.3.2.3 "ауа райы" ұғымын түсіндіреді
- 7.3.2.4 метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
- 7.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады
- 7.3.2.6 жергілікті компоненттің негізінде жекелеген метеорологиялық элементтердің: температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық көрсеткіштері негізінде графикалық синоптикалық материалдар жасайды
3.3 Гидросфера
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, су ресурстарының маңызы
- 7.3.3.1 гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды
- 7.3.3.2 су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді
Мұхит суларының географиялық орналасуы мен қасиеттері
- 7.3.3.3 дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын, қасиеттерін анықтайды
Мұхиттағы су қозғалысы
- 7.3.3.4 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді
Мұхитпен байланысты апаттар және Мұхит проблемалары
- 7.3.3.5 мұхитар мен теңіздермен байланысты апаттар мен проблемаларды топтастырып, сақтану шараларын және шешу жолдарын ұсынады
3 тоқсан
3.Физическая география 3.4 Биосфера
Биосфера және оның құрамдас бөліктері
- 7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылы мын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды
Өсімдік және жануарлар әлемі
- 7.3.4.2 өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтайды және "Қызыл кітапқа" енген түрлерін атайды
Қазақстандағы топырақ түрлері
- 7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды
- 7.3.4.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді
Топырақтың экологиялық мәселелері
- 7.3.4.5 топырақтың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
3.5 Табиғи-аумақтық кешендер
Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы
- 7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді
Табиғи-аумақтық кешендердің түрлері
- 7.3.5.2 туған өлкенің табиғи-аумақтық кешендерін жоспар бойынша сипаттайды және өлкетану деректер базасын әртүрлі формада ұсынады
4. Әлеуметік география 4.1 Халық географиясы
Тілдік отбасылар және әлем халықтарының топтары
- 7.4.1.1 дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді
Әлем халқының діни құрамы
- 7.4.1.2 дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Әлемнің тарихи-мәдени аймақтары
- 7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді
Ұлтаралық және конфессияаралық келісім
- 7.4.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады
4 тоқсан
5. Экономикалық география 5.1 Табиғи ресурстар
Табиғи ресурстардың жіктелуі
- 7.5.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды жіктеп, таралу заңдылықтарын талдайды
- 7.5.1.2 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді
Табиғат ресурстарын игеру мәселелері
- 7.5.1.3 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
Көлік инфрақұрылымы. Әлеуметтік инфрақұрылым
- 7.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым компоненттерін жіктеп, маңыздылығына баға береді
5.3 әлемдік экономиканың салалық және аумақтық құрылымы
Әлемдік шаруашылық салалары: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы
- 7.5.3.1 ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын топтастыру арқылы маңыздылығын түсіндіреді
6. Елтану және саяси география негіздері 6.1 Дүние жүзі елдері
Әлем елдерінің географиялық жағдайы
- 7.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді географиялық орнына байланысты топтастырып, елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды
Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы
- 7.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды
Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы
- 7.6.1.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға береді және жақсарту жолдарын ұсынады
Бағасы
Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.
5 жоспар
1 500 ₸
300 ₸ жоспарына
20 жоспар
3 900 ₸
195 ₸ жоспарына
50 жоспар
7 900 ₸
158 ₸ жоспарына
Жиі қойылатын сұрақтар
7 сынып «География (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?
Генераторды ашып, 7 сынып пен «География (төмендетілген оқу жүктемесімен)» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.
Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?
Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.
Жоспар қай тілде жасалады?
Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.
Осы пән басқа сыныптарда
Осы сыныптың басқа пәндері
Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.
