«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ҚМЖ, 11 сынып
Бұл бетте 11 сынып «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 4 тоқсанға арналған 65 оқу мақсаты жиналған. Қажетті тақырыпты таңдаңыз, генератор сабақ жоспарын жасайды: кезеңдер, мұғалім мен оқушы әрекеті, бағалау критерийлері және рефлексия. Дайын құжат Word форматында жүктеледі.
Бөлімдер мен оқу мақсаттары
1 тоқсан
Өркениет: даму ерекшеліктері
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері
- 11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану
- 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу
- 11.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау
Дәстүрлі (аграрлық) экономика
- 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау
Нарықтық экономика
- 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру
- 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау
Жоспарлы (социалистік) экономика
- 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру
- 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау
Экономиканың аралас түрі
- 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары
- 11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу
- 11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
- 11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау
- 11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары
- 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау
Зерттеу жұмысы
Әлемдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстанның шектеуші табиғи-географиялық факторларға төтеп берудің перспективалары
2 тоқсан
Саяси-құқықтық процестер
Құқықтық мемлекет түсінігі
- 11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемелекет" ұғымын қолдану
Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі
- 11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау
- 11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу
Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы
- 11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану
- 11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар
- 11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау
Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі
- 11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау
- 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау
Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі
- 11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану
- 11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау
Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер
- 11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқындар" терминдерін қолдану
- 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері
- 11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау
- 11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау
Зерттеу жұмысы
XXI ғасырдағы әлем: халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері
3 тоқсан
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары
- 11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал-демократия", "марксизм", "экзистенциализм", "прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану
- 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау
- 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу
М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы
- 11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру
- 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
- 11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану
- 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау
Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші
- 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау
- 11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану
Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы
- 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау
- 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану
- 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау
Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты"
- 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау
- 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы
- 11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану
- 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу
Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы
- 11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану
- 11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау
Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге"
- 11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау
- 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі
- 11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау
- 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу
- 11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу
Зерттеу жұмысы
Тарихтағы тұлғаның ролі
4 тоқсан
Білім мен ғылымның дамуы
Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері
- 11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу
- 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау
Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін
- 11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау
- 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау
- 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні
- 11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу
- 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау
- 11.4.1.8 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау
Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері
- 11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану
- 11.4.2.2 әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерінің анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылық- тарын анықтау
- 11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау
Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары
- 11.4.2.4 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану
- 11.4.2.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
- 11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу
- 11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау
Қазіргі ғылымның перспективті салалары
- 11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану
- 11.4.3.4 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау
- 11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру
Зерттеу жұмысы
Жаһандану жағдайындағы ғылым мен техниканың перспективті салалары
Бағасы
Тіркелгенде 3 жоспар тегін. Одан әрі мерзімсіз пакеттер: тек керек жоспар үшін төлейсіз. Kaspi арқылы төлем.
5 жоспар
1 500 ₸
300 ₸ жоспарына
20 жоспар
3 900 ₸
195 ₸ жоспарына
50 жоспар
7 900 ₸
158 ₸ жоспарына
Жиі қойылатын сұрақтар
11 сынып «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ҚМЖ қалай жасалады?
Генераторды ашып, 11 сынып пен «Дүниежүзі тарихы» пәнін, содан кейін тоқсанды, бөлімді және тақырыпты таңдаңыз. Оқу мақсаттары бағдарламадан қойылады. «ҚМЖ жасау» түймесін басып, Word жүктеңіз.
Дайын жоспарды өзгертуге бола ма?
Иә. Жоспар Word форматында жүктеледі, кезеңдерді, уақытты, тапсырмаларды және ресурстарды өзгертуге болады.
Жоспар қай тілде жасалады?
Орыс немесе қазақ тілінде. Тіл генератор формасында таңдалады.
Осы пән басқа сыныптарда
Осы сыныптың басқа пәндері
Жоспарды ЖИ жоба ретінде құрастырады. Сабаққа дейін тексеріп, сыныбыңызға бейімдеңіз. Оқу мақсаттары оқу бағдарламалары каталогынан алынған.
